Жалпы географиялық кеңістіктік өзара әрекет (Общегеографическое пространственное взаимодействие) - географиялық кеңістіктегі нысандар мен кұбылыстардың арасындағы өзара әрекеттестік (зат, энергия, ақпарат алмасу түрінде, тағы басқа). Әр түрлі кеңістіктік өзара әрекеттестіктің қарқындылығы көптеген географиялық түсілімдердің (географиялық ландшафтылардың, аумақтық-өндірістік кешендердің, қоныстану өрістерінің, тағы басқа) пайда болуы мен даму ерекшеліктеріне себепші болады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия