Сызықты интегралдық схема (Линейная интегральная схема) — шығыс сигналы кіріс сигналдың сызықтық қызметі болып табылатын балама интегралдық схема. Сызықты интегралдық схемаға операциялық күшейткіштер, кең жолақты күшейткіштер, төменгі жиілік күшейткіштері жатады. Сызықты интегралдық схемаға қойылатын негізгі талап — берілген күшейту коэффициенті бар сигналдарды бұзбай (бүлдірмей) тарату. Сызықты интегралдық схеманы автоматика құрылғылары мен өлшеу техникасында, радиоқабылдағыш және радиотаратқыш құрылғыларында, ақпаратты жазу мен жаңғырту жүйелерінде қолданады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника