Аманқос ҚодаровМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Шебір ауылы ) – педагог, ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі». Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1971). 1963 – 1967 жылдары 1-Май ұжымшарында шопан, тракторшы 1971 – 1996 жылдары Шайыр, Тұщықұдық, Ә.Жангелдин орта мектебінде мұғалім, интернат меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры 1996 – 2004 жылдары Тұщықұдық ауылының әкімі болды. 2005 жылдан Қаратөбе орта мектебінде директор. КСРО-ның Құрмет грамотасымен марапатталған. Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар