Автотрактор оқиғалары — жағдайға, зақымдану сипаты мен салдарына қарай әскери машиналарда болатын оқиғалар, апат, аударылып бұзылу мен қайғылы оқиғалар. Бұзылу деп ауыстырусыз ағымдағы жөндеу жүргізуді керек ететін немесе негізгі агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуді керек ететін машинаның зақымдалуын есептейді. Қайғылы оқиға деп жүргізушінің немесе өзге әскер бөлімі қызметкерлерінің кінәсынсыз болған апатты немесе аударылуды айтады. Әрбір автотрактор оқиғалары есепке алынып, тексеріледі. Оның нәтижелері хаттамада, ал бұзылуы мәлімдемеде көрсетіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс