Еркіндік дәрежелері — жүйе параметрінің өзгерісімен шартталған жүйе күйінің тәуелсіз мүмкін болатын өзгерісі немесе жағдайы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Еркіндік дәрежелер саны — нүктенің кеңістіктегі орнын толық анықтайтын тәуелсіз координаталар саны. Егер материялық нүкте қеністікте еркін қозғалыста болса, онда оның үш еркіндік дәрежесі болады (х, у және z координаталары); егер ол қандай да бір беттің бойымен қозғалатын болса, оның екі, ал қандай да бір сызықтың бойымен қозғалатын болса, онда бір еркіндік дәрежесі болады.

Дереккөздер

Санат:Физика