Тельман Жанұзақов (13.8. 1935, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы - 12.9.1978, Алматы) - жазушы, аудармашы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1957 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын 1956 жылы "Лениншіл жас" (қаз. "Жас Алаш") газетінің әдеби қызметкері болып бастаған. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары міндеттерін атқарды. 1967-1971 жылдары КОКП-нің органы — "Правда" газетінің Қазақстандағы тілшісі, 1972-1974 жылдары екі тілде шығатын "Ара" журналының бас редакторы 1974 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін "Қазақфильм" киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Кинематограф одағының екінші хатшысы болды.
Шығармашылығы Аудармалары Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың "Сот пен жендет" повесін Америка жазушысы Ф.Купердің "Могиканның соңғы тұяғы" Толстойдың "Инженер Гариннің гиперболоиды" романдарын қазақ тіліне аударды. Өз шығармалары "Ради жизни на земле" "Олимпийский факель" "Азаматтар" атты кітаптары жарық көрді.
Құрмет Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы орта мектепке есімі берілген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:13 тамызда туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Райымбек ауданында туғандар Санат:12 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қазақстан жазушылары