Қарқара — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Қарқара ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Кеген ауылынан оңтүстікке қарай 16 км-дей жерде, Қарқара өзенінің жағасында, бұта аралас жусан, бетеге, боз, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауалды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен24462152 1694 78,7 1092 877 80,3 1060 817 77,1

Тарихы Ауылдың іргесі 1929 жылы қаланған. 1997 жылға дейін сүт өндіретін Қарқара кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Қарқарада және округке қарасты Ереуіл, Мыңжылқы ауылдарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, орталау, бастауыш мектептер, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Кеген ауданы елді мекендері