"Бесінші лек" — испаниядағы ұлттық революция кезінде туған (1936-1939) термин. 1936 жылы күзде испан фашистері төрт колоннамен мадридке шабуыл жасап, ал қаладағы құпия агенттер өздерін "бесінші лек" деп атады. Құпия агентура — опасыздар мен сатқындар — үрей туғызып, кедергі жасады, диверсиялар ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде "Бесінші лек" ұлттық агентура деп аталып, әр түрлі елдерде тіміскі әрекет етті.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс