Дауымов Ерғали (1911-1997)Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 — шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері (1957). 15 қазан 1911 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті aуылында туған.

Еңбек жолы 1927 жылы Жымпиты орыс мектебін, 1937 жылы Алматы зоотехникалық-мал әрігерлік институтын бітірген. 1937 жылы жолдамамен Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Фурманов ауданындағы «Қызыл партизан» кеңшарында аға зоотехник қызметіне кіріседі. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, елін қорғайды. 1946-1952 жылдары Батыс Қазақстан облысы шаруашылық білім беру саласында қызмет етті. 1953 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының оқытушылары құрамына қабылданды. 1954 жылы артта қалған шаруашылықтарды көтеруге үн қосқан отыз мыңдықтар сапында Жамбыл облысының Мерке ауданындағы «Қазақстан» ұжымшарына басқарма бастығы болып барады. Осы шаруашылықты озат еңбек ұжымы қатарына қосады.

Марапаттары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1957)

Тағы қараңыз Социалистік еңбек ерлері

Дереккөздер

Ғайсағали СЕЙТАҚ, Қос майданның қаһарманы, Орал ѳнiрi, 12 наурыз 2015 жыл №29 (20110), стр. 9 Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі , стр. 10

Санат:Социалистік еңбек ерлері