Илахун Жалилов - 1942 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылында туған.
Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Әскери-теңіз флотында қызмет атқарған.
Мұғалім, республикааралық «Коммунизм туғи» газетінде корректор, тілші, бөлім бастығы, Узгостелерадио комитетінің Қазақстан бойынша тілшісі, «Жазушы» баспасында аға редактор болып істеді. Қазір «Сәнъәт» газетінің редакторы. Шығармалары «Теңіз жаңғырығы» (1973), «Мұхит шақырады» (1978), «Жерге тағзым» (1983), «Ұмтылу» (1986) өлең жинақтары, «Жаңаша жаңғырған әуендер» (1990) деректі повесі жарыққа шықты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Алматы облысы тұлғалары Санат:1942 жылы туғандар