thumb Тимур Ризабекұлы Исатаев (1969 ж. 12 шілдеде Көкшетау қаласында туған) - «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Білімі 1991 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірген, философия оқытушысы 1993 ж. Йель университетін (АҚШ) 2001 ж. INGBank Бизнес-мектебін бітірген, экономика магистрі. Өмірбаяны 1993-96 жж. - Халықаралық валюта қоры атқарушы директорының кеңесшісі. 1996-99 жж. - Қазақстандағы «ING Barings» өкілдігінің басшысы. 1999-2001 жж. - «ABN Amro Bank Kazakhstan» ЖАҚ менеджері, Басқарма төрағасының орынбасары. 2001-03 жж. - «Темірбанк» ААҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары. 2003-06 жж. - «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы міндетін атқарушы, төрағасы. 2006 жылдан - «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X 2009 жылдан бері - «Kassa Nova банкі» АҚ баcқарма төрағасы. Жеке қасиеттері Хоббиі - текшеге ату.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2 Марапаттары "Құрмет" ордені.

Дереккөздер

Санат:12 шілдеде туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері