Дәулет Хамитұлы Сембаев (10 тамыз 1935 жыл, Алматы — 15 қараша 2021 жыл) — қазақстандық саясаткер, банкир, мемлекет және қоғам қайраткері.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.

Өмірбаяны 1958 ж. Қазақ тау-кен-металлургиялық институтын бітірген, инженер-металлург. 1958-66 жж. - С.М. Киров атындағы Алматы машина жасау зауытында құю цехының технологы, қара металл құю учаскесінің аға шебері. 1966-75 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің басмаманы, бөлімшесінің бастығы - бөлім бастығының орынбасары, еркін бөлім бастығының орынбасары. 1975-79 жж. - ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы хатшылығының меңгерушісі. 1979-83 жж. - ҚазКСР Министрлер Істерін Басқарушысының орынбасары. 1983-90 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, еркін бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары. 1990 ж. - ҚазКСР Президенттік кеңесінің мүшесі 1990-91 жж. - ҚазКСР Жоғары экономикалық кеңесі төрағасының орынбасары. 1991-93 жж. - ҚР Премьер министрінің орынбасары, 1-ші орынбасары. 1993-96 жж. - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы - ҚР Министрлер Кабинетінің мүшесі. 1996-97 жж. - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1997-99 жж. - «АБС-Балқаш» таукен компаниясы» ААҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. 1999-2002 жж. - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2002-2011 жж. - «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2 Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті (1999-2005).

Еңбектері Қазақстан Президентінің алғашқы экономикалық бағдарламасының қос авторларының бірі. Қазақстандағы ұлттық валютаны енгізуге қатысқан. Елдегі қазіргі банк жүйесін қалыптастырудың басында болды. Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені (1976) «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1981) «Парасат» ордені (1996) КСРО-ның екі медалі.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X Отбасылық жағдайы Үйленген. Жұбайы - Сембаева Мая Ғабдуллақызы. Ұлдары - Данияр (1959 ж. т.), Бахтияр (1963 ж. т.). 4 немересі бар.

Дереккөздер

Санат:10 тамызда туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан қаржыгерлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері