Ян (Иван) Викторович Виткевич (1809–9.5.1839, Санкт-Петербург) – Қазақстан және шығыс елдерін зерттеумен айналысқан поляк офицері, поручик (1836). Викторович 15 жасында Орынборға жер аударылып, шекара бойындағы гарнизонда он жылдан астам әскери қызмет атқарды, қазақ тілін және басқа да шығыс тілдерін меңгерді. В. 1835 ж. 9 қарашада сауда керуенімен бірге Орск қаласынан Сырдария өңіріне келіп, кейін Бұхараға аттанды (2.1.–13.2.1836). Викторович бұл сапары туралы жазбасында» Кіші жүз қазақтары мен Бұхар хандығындағы халықтардың өмірінен маңызды тарихи, этнографиялық мағлұматтар береді. Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1809 жылы туғандар Санат:1839 жылы қайтыс болғандар Санат:Шығыстанушылар