Мұрат Ноянбайұлы Ахманов (1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2012).
Толығырақ Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген 1971 - 1976 жылдары Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген. Алғашқы еңбек жолы 1976 жылдың тамыз айынан «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады. 1980 - 1984 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін бітірген. 1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режисерлік бөлімін бітірген.
Еңбек жолы 1976 жылы «Қазақ ССР-нің ән-би ансамблінде» балет артисі болудан бастау алады. 1984 - 1993 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының қоюшы режиссері 1999 - 2001 жылдары С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері 2001 - 2005 жылдары қазіргі Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бас режиссері 2005 - 2010 жылдары Б. Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 2010 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері.
Марапаттары 1998 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді. 2012 жылы — Құрмет ордені
Отбасы Жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хазима Нұғманова Екі ұл, бір қызы бар.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары