Елизавета Малиновская (1948 жыл, Алматы қаласы) - өнертанушы. Өнертану ғылымдарының кандидаты (1989).доцент, ARK өнер галереясының директоры, Халықаралық сыншылар қауымдастығының (AICA) мүшесі, КСРО Сәулетшілер одағының лауреаты (1990), «Рудольф Нуриевтің дүниежүзілік зияткерлік мұрасы Ресей - ХХ ғасыр »жобасының қатысушысы. Қазақстан Республикасының жетекші өнертанушысы.Орталық Азия аймағында және одан тыс жерлерде ғылыми және кәсіби беделі бар.http://old.unesco.kz/lui-ko/ark/malinovskaya.htmhttp://old.unesco.kz/lui-ko/ark/malinovskaya.htm
Білім жолы
1965 - 1970 жж Ташкент мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтының ағылшын тілі факультетін; 1974 - 1980 жж И.Е. Репин атындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнерлер теориясы мен тарихы факультетін; 1982 – 1985 жж И.Е.Репин атындағы академияның аспирантурасын бітірген.http://www.keremetart.org/ru/speaker/elizaveta-malinovskaya-
Еңбек жолы
1972 ж Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің ағылшын тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 1985 ж «Қазпроектреставрация» ҒЗИ «Мәдениет тарихы ескерткіштерінің жинағы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Алматы). 1990 ж - КСРО Сәулетшілер одағы сыйлығының лауреаты 1990 ж - Қазақстан сәулетшілер одағының (бұрынғы - КСРО) мүшесі; 1992 ж - ЮНЕСКО жанындағы «AICA» Дүниежүзілік сыншылар қауымдастығының мүшесі. 1992 ж - Сәулет-құрылыс институтының сәулеттік жобалау кафедрасының доценті (Пенза, Ресей). 1994 ж - «Тәңірі-Ұмай» галереясы директорының орынбасары (Алматы). 1997 жылдан бері - «АРК» көркемөнер галереясының негізін салушы және директоры (Алматы)https://www.ais-aica.ru/2011-01-23-07-11-18/2011-01-31-18-54-08/2011-02-07-05-21-56/1889-2011-03-04-16-43-59.html Еңбектері «Қазақстанның кәсіби сәулетінің қалыптасуы» атты кандидаттық диссертация қорғаған. «Өзекті мәселе жайында өзекті әңгіме», «Қазақстан өнерінің антологиясы» монографияларының кураторы және ғылыми редакторы. Қазіргі өнер, сәулет мәселелері жөніндегі кітаптар, энциклопедиялық және арнаулы басылымдар, журналдардағы теориялық, мәдениеттану, сыни сипаттағы 300 мақала, кітап, 19 монографияның, 500 ден астам жарияланымның авторы. 1980 жылдан бері көпжылдық жобалардың бастамашысы және сатылы жүзеге асырушысы : бөлім авторы құқығында - энциклопедиялық «Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағы» монографиялық басылымының 7 томын, «Сәулеттегі қуғын-сүргіннің әлеуметтік-мәдени аспектісін» (жарияланымдар, кең ауқымды мұрағат, Бүкіләлемдік конгреске, мәслихаттарға қатысу) дайындауға қатысқан. «ХХ ғасырдың ұлттық жастар мектептері қалыптасуының мәдениеттанушылық аспектісі» жобасының аясында көптеген жарияланымдар мен зерттеулерді дайындаған. Елизаветаның тікелей қатысуымен ғылыми айналымға «Қазақстандағы топтамалау тарихы», «Әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі галереялық қозғалыс», «1990-шы жылдардағы Қазақстан өнері», «Қазақстан суретшілері» энциклопедиясында «Allgemeine Künstlerlexikon Internationale Künstlerdatenbank (« Әр ғасыр бойындағы әлем суретшілері »)мақалалары енгізілді.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ЫСБН 978-601-278-473-2 Халықаралық конгрестерде сөз сөйлеудің мол тәжірибесі бар. ЮНЕСКО, ICOMOS; Кассель қаласында (Германия), Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Баку; аймақтық, республикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдердесөз сөйлеген. Өнер, сәулет, мәдени мұра туралы телебағдарламалардың тұрақты қатысушысы және жүргізушісі.http://old.unesco.kz/lui-ko/ark/malinovskaya.htm Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Ташкент мемлекеттік педагогикалық шет тілдері институты түлектері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Өнертану ғылымдарының кандидаттары Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі оқытушылары Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы оқытушылары Санат:Қазақстан өнер сыншылары Санат:Халықаралық сыншылар қауымдастығы мүшелері Санат:КСРО сәулетшілер одағы сыйлығының иегерлері