Бақытжан Жапарұлы Есеев (12 ақпан, 1961 жыл, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында туған) - Мойынқұм ауданының әкімі (2010 жылдан).
Өмірбаяны Әкесі - Есеев Жапар Медетбекұлы (1931 жылы туған) - зейнеткер, мемлекет қызметкері болған. Анасы - Нұрланова Күлжахан Шағатайқызы (1939 жылы туған) - зейнеткер, мемлекеттік қызметкер болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1988), инженер-механик. 1988 жылдан - ЖМК-45 механигі. 1989-1991 жылдары - Жамбыл облысы Мойынқұм ауылы комсомол ұйымының хатшысы. 1991 жылдан - Мойынқұм аудандық Халық депутаттары кеңесінің кеңесшісі. 1992 жылдан - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру, мамандар, бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы. 1994 жылдан - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппарат жетекшісі. 1995 жылдан - Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары. 1997 жылдан - Мойынқұм аудандық әкімдігі өнеркәсіп бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бейбітшілік кенті «Волковгеология» АҚ 21-геологиялық барлау экспедициясы өнеркәсіп кәсіпорынының президенті. 2001 жылдан - «Жолдарқұрылыс» АҚ №2 Құрылыс монтаж пойызы бастығының орынбасары (Шу қаласы). 2003 жылдан - Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыру, мамандар, бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы. 2005 жылдан - Жамбыл облысының әкімі аппаратының жетекшісі. 2010 жылдан бері - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Әлжанова Роза Әбдіқасымқызы (1963 жылы туған) - Шу аудандық әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. ¥лдары - Есеев Бауыржан Бақытжанұлы (1989 жылы туған) - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті; Есеев Мейіржан Бақытжанұлы (1991 жылы туған) - ҚР ҰҚК академиясының студенті; қызы - Бақытжанқызы Алтынай (1997 жылы туған) - оқушы.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 ақпанда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Мойынқұмда туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Мойынқұм ауданының әкімдері