Құрманақа – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағады.

Бастауы Ортаудың батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзілген, Жаңаарқа кентіне таяу жерде Жаман Сарысу өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 65 км. Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады, аңғарында жайылымдық және шабындық жерлер, қыстаулар бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы