Ғайнолла Зейноллаұлы Жарқынбаев - 1954 жылы 24 тамызда Шымкент қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жарқынбаев Зейнолла Күштайұлы, марқұм. Анасы -Жарқынбаева Балқия, зейнеткер. Хронологиясы Алматы энергетика институтының электрмеханика факультетін (1978) инженер-электрик мамандығы бойынша; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1978 жылдан - Қызылорда электр желілері кәсіпорнының инженері. 1979 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1981 жылдан - Қызылорда электр желілері кәсіпорнының аға инженері, 1984 жылдан - кәсіподақ төрағасы. 1989 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қызылорда қалалық комитетінің нұсқаушысы, 1990 жылдан - сектор меңгерушісі. 1991 жылдың наурызынан - Қызылорда облыстық Халық депутаттары кеңесінің аға маманы. 1991 жылдың маусымынан - Қызылорда облыстық әкімшілігінің бас маманы. 1993 жылдан - «Қорда» қазақ-түрік біріккен кәсіпорны директорының орынбасары. 1995 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі. 1999 жылдың ақпанынан - Қызылорда облыстық мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорнының бастығы. 1999 жылдың тамызынан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі. 2005 жылдан - Қызылорда облыстықІшкі саясат департаментінің директоры. 2007 жылдың қаңтарынан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 2007 жылдың ақпанынан - Қызылорда облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры. 2008 жылдан - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. 2009 жылдан бері - Қызылорда облыстық Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының бастығы. Жетістіктері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Махатхир. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген, демократиялық мемлекет». Хоббиі - аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - Қазақстан мен Ресей авторларының кітаптары мен публицистикалық басылымдары. Үйленген. Жұбайы - Хауадамова Жанар Тілеуханқызы. Қызы - Жарқынбаева Нұрсұлу; ұлы - Жарқынбаев Нариман.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар