Мұхамбетжан Әлібекұлы Есқара – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1994), професор (1997). Қысқаша өмірбаяны
1967 ж. кәсіптік-техника білім саласында бастады. 1973 Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген. 1975–85 Қазақ қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зертхана институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер; 1986-90 ғалым-хатшы; 1990–98 «Қазақиталқаракөл» бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары, «Шымкентқаракөл» АҚ-ның вице-президенті болды. 1999 жылдан бастап Қазақ қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі. Еңбектері Оның негізгі ғылыми еңбектері қаракөл терісінің сапасын арттыруға арналған. Мұхамбетжан Әлібекұлы 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 6 авторлық куәлігі бар.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1940 жылы туғандар