Жанат Әнуарбекұлы Байжанбаев (1961 жылы 5 тамызда Алматы қаласында туған) - актер, Қазақ.
Әкесі - Байжанбаев Әнуарбек, марқұм, Орталық радио және телевидениеде диктор болып жұмыс істеген. Анасы - Байжанбаева Гүлжауһар, марқұм, «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем-өнер институтының актерлік факультөтін бітірген (1982), театр және кино актері. 1982 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2002-2004 жылдары - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы. КСРО Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Үйленген. Жүбайы - Байжанбаева Гүлнар (1959 жылы туған).Қыздары - Байжанбаева Диляра (1983 жылы туған); Байжанбаева Рамина (1991 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан актерлері