Борис Семенович Цхвирашвили 1936 жылы 23 шілдеде Әзірбайжан КСР-і Баку қаласында туған. Грузин. Әзірбайжан дене тәрбиесі және спорт факультетінің педагогикалық факультетін бітірген (1961), жаттықтырушы-оқытушы.
Орыс, Әзірбайжан, түрік және ағылшын (тұрмыстық деңгейде) тілдерін біледі.
Қазақ спорт және туризм академиясының Құрметті профессоры (2004 жылдан бері). «Қазақстан рингінің жұлдыздары≫ кітабының авторы (1998). Бокстан Бірінші халықаралық турнирінің бастамашысы (Алматы, 1973). Бокстан КСРО Чемпионатының әділқазысы (1963-1990). Олимпиадалық ойындар төрешісі. Бокстан Әзірбайжан КСР бірнеше мәрте чемпионы. Бокстан Әлем чемпионатының үздік ойын төрешісі (Финляндия, 1993).
Ажырасқан. Ұлдары - Зураб (1971 ж. т.), Симон (1963 ж. т.). Немерелері - Габриэла, Карина, София.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:23 шілдеде туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Бакуде туғандар Санат:Әзірбайжан дене тәрбиесі және спорт институты түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессорлары Санат:Бокстан Әзірбайжанның чемпиондары Санат:Қазақстан грузиндері Санат:Әзербайжан боксшылары Санат:Бокстан Әзірбайжан төрешілері Санат:Қазақстан бокс жаттықтырушылары