Сырдария ауданы – Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 39,1 мың км². Орталығы – Тереңөзек кенті.
Географиялық орны, жер бедері Аудан солтүстігінде Ұлытау облысы Ұлытау ауданымен, батысында Жалағаш ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Шиелі ауданымен, Қызылорда қаласымен және Түркістан облысы Созақ ауданымен шектеседі. Жер бедері негізі жазық, оңтүстігінде Қызылқұм құмы жатыр, солтүстігі тақыр. Топырағы құмдауытты, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Жануарлардан қасқыр, қоян, қарсақ, сарышұнақ, қосаяқ, күзен мекендейді. Құстардан: бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 35048 22670 24629 28060 29055 39100 38085 38559 Тұрғындар саны – 38 841 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,36%, орыстар – 0,82%, басқа ұлт өкілдері – 0,83%.
Әкімшілік бөлінісі 14 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік ОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021) Айдарлы ауылдық округі Айдарлы ауылы 1 1505 Ақжарма ауылдық округі Ақжарма ауылы 1 2552 Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылы 1 2629 Бесарық ауылдық округі Бесарық ауылы 1 2180 Жетікөл ауылдық округі Жетікөл ауылы 1 644 Қалжан ахун ауылдық округі Қалжан ахун ауылы 1 1128 Қоғалыкөл ауылдық округі Қоғалыкөл ауылы 1 2374 Нағи Ілиясов ауылдық округі Нағи Ілиясов ауылы 1 2202 Сейфуллин ауылдық округі Сейфуллин ауылы 1 1664 Тереңөзек кенттік әкімдігі Тереңөзек кенті 1 11437 Тоқмағанбетов ауылдық округі Тоқмағанбетов ауылы 1 1477 Шаған ауылдық округі Шаған ауылы 1 4223 Шіркейлі ауылдық округі Шіркейлі ауылы 1 2744 Іңкәрдария ауылдық округі Іңкәрдария ауылы 1 857
Ауыл шаруашылығы Ауданның негізгі шаруашылық саласы: егін және мал, құс шаруашылықтары. Мал шаруашылығының ірі қара мал өсіруде үлкен көрстекіштер көресетеді. Құмкөл мұнай өндіру кеніші бар.
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы)