thumb|Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова (10 ақпан, 1951 жыл, Торғай облысы, Қостанай ауданы, Амангелді кентінде туған) - мемлекет қайраткері, 2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты.

Білімі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін (1972) француз тілінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімшесін (1981) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты (1999). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Алма Оразбаева: оның төңкерістік мұралары». Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры.

Өмірбаяны 1968 жылдан - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті. 1972 жылдан - Қостанай облысы Жетіқара қаласының №7 ОМ француз тілінен мұғалімі. 1975 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жетіқара қалалық комитетінің хатшысы. 1977 жылдың ақпанынан - Қазақстан ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің оқып жүрген студент жастар, пионерлер мен оқушылар бөлімінің нұсқаушысы 1979 жылдың ақпанынан - меңгерушісі. 1979 жылдан - Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1981 жылдан - Қостанай облысы Қарасу ауданының Халық депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары. 1982 жылдан - Қостанай облысы Фёдоров ауданының Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің хатшысы. 1983 жылдан - Қостанай облысы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қостанай облыстық комитетінің хатшысы 1990 жылдан - екінші хатшысы. 1991 жылдан - Қостанай облыстық Халық депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары, кеңесшісі. 1992 жылдан - Қостанай облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1995 жылдан - Қостанай облыстық білім беру департаментінің бастығы. 1998 жылдан - Қостанай облыстық әкімі аппаратының жетекшісі. 2002 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2004 жылдан бері - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Отбасы Анасы - Баймағамбетова Кінәзиә Оспанқызы, үй шаруасымен айналысады. Марапаттары Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998). «Құрмет» орденімен (2007); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»(2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:10 ақпанда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Қостанай ауданында туғандар Санат:Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты түлектері Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері