Нұрлан Каливуллаұлы Утенов 1972 жылы 20 ақпанда Алматы қаласында туған. Қазақ. М. Одинцов атындағы Свердлов суворовтық әскери училищесін (1989); А.Н. Туполев атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетінің «Ұшу аппараттары» факультетін үздік (1995) инженер-механик мамандығы бойынша; ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (1998) іскерлік әкімшілік магистрі (МВА) мамандығы бойынша; ІМА басқарушы бухгалтерлер институтын (АҚШ, 2007) қаржылық басқару саласындағы маман (MBA) мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс жене ағылшын, ағылшын және испан (әңгімелесу деңгейінде) тілдерін біледі. 1998 жылдан - «Dowell Schlumberger» компаниясының ерістік тәжірибеші-инженері (Мексика). 1999 жылдан -«ҚазТрансОйл» ЖАҚ маманы, бас маманы, менеджері,бас менеджері, департамент директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры; 2006 жылдан экономика және қаржы женіндегі басқарушы директоры. 2009 жылдан - «Қазгермұнай» БК ЖШС бас директорының бірінші орынбасары. 2010 жылдан бері - «Қазақстандық «КАZENERGҮ» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. Ресей тәуелсіз директорлар қауымдастығының (2007 жылдан); Басқарушы бухгалтерлер институтының (ІМА, 2007 жылдан) мүшесі. «Қызылорда қаласына 190 жыл» (2009), «Қазақстандық «КАZENERGҮ» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Қазақстан мұнайының 110 жылдығы құрметіне» (2010) медальдарымен; «ҚазТрансОйл» ЖАҚ (2002), ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің (2006) грамоталарымен, Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамотасымен (2009). ҚР Премьер-министрінің алғысхатымен ескерілген (2007). Хоббиі - шахмат, тау шаңғысы, саятшылық және балық аулау. Сүйіп оқитін әдебиеті - бизнес және көрнекті тұлғалар туралы кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Өтенова Сәуле Серікқызы. Ұлдары -Әділбек, Батырбек.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1972 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Мұнайшылар Санат:Қазақстан мұнайшылары