Неманья Видич (; 1981 жылы 21 қарашада Югославия, Ужице қаласы) — сербиялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Мансабы Ұзақ жылдар бойы "Манчестер Юнайтед" (2006-2014) сапында ойнаған. Манчестерлік клуб саыпнда алты рет Англия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Англия кубогы, Англия суперкубогы, УЕФА Чемпиондар Лигасы, Клубтар арасындағы әлем біріншілігі секілді турнирлердің жеңімпазы атанды.

Одан бөлек "Црвена Звезда", "Спартак" (Мәскеу), "Интернационале" клубтарында доп тепті. 2016 жылы "Интернационале" командасында жүріп футболшылық карьерасын аяқтады.

2006 жылы Сербия және Черногория сапында, 2010 жылы Сербия сапында әлем чемпионатына қатысты. 2002 жылы Югославия сапында да ойнаған.

Жетістіктері

Командалық Црвена Звезда

Сербия және Черногория чемпионы: 2004 Югославия кубогы: 2002 Сербия және Черногория кубогы: 2004

Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (5): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Англия Лига кубогы (3): 2006, 2009, 2010 Чемпиондар Лигасы: 2008 Англия суперкубогы (5): 2007, 2008, 2010, 2011, 2013 Клубтар арасындағыы әлем чемпионы: 2008

Жеке

Сербияның жыл футболшысы (2): 2005, 2008 Англия чемпионатының үздік футболшысы (2): 2008/09, 2010/11

Дереккөздер

Санат:Сербия футболшылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сербия және Черногория футболшылары Санат:Югославия футболшылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары