Дүзбаева Мейрамкүл (1966, Алматы облысы). В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1987, 2004). 1987-1991 жылдары — «Қазалтын» КБКЖолымбет кеніші байыту фабрикасында шебер. 1991-1994 жылдары — ҚР Экономика министрлігі ЭжНҚҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер. 1994-1999 жылдары — ҚР Мемлекеттікмүліккомитетіндежетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік мүлік комитеті басқармасы департаменті және ҚР Қаржы министрлігі активтері басқармасының бастығы. 1999-2000 жылдары — Мемлекеттік мүлік және ҚР Қаржы министрлігі жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары. 2000-2002 жылдары — президенттің кеңесшісі, «Қазақойл» ҮМКң ЖАҚ-ның атқарушы директоры. 2002-2003 жылдары — «Қазақстан даму Банкі» ЖАҚ-ы президентінің кеңесшісі, «Каспий өндірістік-қаржылықтобы» ЖШС-і бас директорының кеңесшісі. 2003-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы президентінің кеңесшісі. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы атқарушы директоры. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар