Оқиғалар

Қаңтар

7 қаңтар -Немістердің Мәскеуді алуға тырысуы сәтсіздікпен аяқталды.

нобай|Мәскеу тұрғындары танкке қарсы қоршаулар салып тұрған бейнесі.

11 қаңтар - Жапония Голландия мен Голландияның Ост-Үнді компаниясына соғыс жариялайды 13 қаңтар - Генри Форд кәдімгі көлікке қарағанда 30% жеңілірек болатын пластикалық көлікті патенттеді. 19 қаңтар - Жапон әскерлері Бирмаға басып кірді. 21 қаңтар - Эрвин Роммель Солтүстік Африкада Киренайка аумағында ағылшын әскерлеріне қарсы жаңа шабуыл бастады. 25 қаңтар - Тайланд АҚШ пен Ұлыбританияға соғыс жариялады. 26 қаңтар - Алғашқы АҚШ әскерлері Еуропаға жетіп, Солтүстік Ирландияға қонды. 29 қаңтар - Эрвин Роммель басқарған неміс әскерлері Бенгазиге кіріп, Британдық күштердің 1300-ге жуық жүк көлігін басып алды.

Ақпан

15 ақпан - Жапон әскерлері Сингапурды басып алды.

нобай|Ағылшын офицерлері мен Жапон офицерлері Сингапурды тапсыру туралы келіссөзде.

24 ақпан - Еврей босқындарына толы Болгариялық "Струма" кемесі жарылып Түркия жағалауында батып кетті, 789 адам қаза тапты.

Наурыз

5 наурыз - Генерал Хитоси Имамураның басшылығымен жапон әскерлері Голландияның отаршыл астанасы Батавияға қарсылықсыз салтанатты түрде кірді. 8 наурыз - Генерал Шозо Сакурай басқарған жапон әскерлері Рангунды басып алды . Одақтастар қашып, Бирманың орталық бөлігінде өз орнын алуға тырысты . 15 наурыз - Дюнамюнд операциясы: Риганың солтүстік-шығысында Орталық Еуропадан әкелінген 1900 еврей атылды. 25 - 26 наурыз - Холокост: Еврейлердің Освенцим концлагеріне алғашқы жаппай жер аударылуы , Словакиядағы Попрад транзиттік лагерінен алғашқы 997 еврей әйелдері мен қыздары әкелінді. 29 наурыз - Филиппинде Жапонияға қарсы халықтық армия құрылды. 31 наурыз - Кристмас аралы үшін шайқас - жапон әскерлері Британдық Үнді әскерінің сарбаздарының Британдық офицерлерге қарсы көтерілісінен кейін Кристмас аралын қарсылықсыз басып алды.

Сәуір

Сәуір - Голландияда орналасқан концлагерде қызыл әскерден тұтқынға түскен 77 өзбек сарбазын нацистік күзетшілер атып өлтірді, олардың 24 отандасы оған дейін мәжбүрлі аштықтан қаза тапты. 9 сәуір - Батан түбегінде АҚШ және Филиппин әскерлері (шамамен 75000 сарбаз) жапон әскеріне тапсырылды. 9 - 17 сәуір - Батанның өлім шеруі: Американдық және филиппиндік әскери тұтқындар Сан-Фернандодан Капасқа дейін (шамамен 104 километр) жүруге мәжбүр болды. Шеру кезінде 15000-ға жуық сарбаз зорлық-зомбылықтан қаза табады.

нобай|Шеру кезінде қаза тапқан АҚШ сарбаздары.

10 сәуір - Германияның Треблинка (Польша) өлім лагерінің құрылысы басталды. 1942 жылдың 23 шілдесі мен 1943 жылдың қазаны аралығында мұнда 850 000 – ға жуық адам қаза тапты. 13 сәуір - Жапон әскерлері Ситтан(Мьянма) өзенінен өтіп, Маучи жанындағы Карен таулары аймағында шайқаста Қытай әскерлерің талқандады . 26 сәуір - Рейхстагта соңғы рет жиналыс өтіп, Адольф Гитлерді "неміс халқының Жоғарғы судьясы" деп жариялады, оған әр Германия азаматының өмірі мен өлімін шешуге құқық берді. 29 сәуір - Жапон әскерлері Лашионы(Мьянма) басып алды . Одақтастар барлық фронттарда шегінді.

Мамыр

12 мамыр - Украинаның шығысында Кеңес Әскері Вермахттан Харьков қаласын қайтарып алу мақсатында үлкен шабуыл жасады, алайда кеңес әскерлері шамамен 200 мыңға жуық әскерден айырылып жойқын жеңіліске ұшырады.

нобай|Харьков шайқасынан кейінгі шерудегі кеңес әскерінің тұтқындары.

26 мамыр - КСРО мен Британ империясы арасында әскери-саяси одақ құруға арналған ағылшын-кеңес келісіміне қол қойылды. 31 мамыр -1 маусым - Жапондық суасты қайықтары одақтас әскери кемелерге шабуыл жасау үшін Аустралиядағы Сидней портына енді.

Маусым

1 маусым - Мексика Германия, Италия және Жапонияға соғыс жариялады. 4-7 маусым - Мидуэй шайқасындағы американдық флоттың жеңісі Жапонияның Тынық мұхитындағы шабуылын тоқтатты. 5 маусым - АҚШ Болгария , Мажарстан және Румынияға соғыс жариялады. 17-21 маусым - Эрвин Роммель басқарған "Африка" неміс әскерлері Тобрукқа жаппай әуе қолдауымен шабуыл жасады. Олар Шығыс қорғаныс периметріндегі әлсіз нүктеге еніп, портты және 33000 ағылшын сарбаздарын тұтқындады.

Шілде

1 шілде - Вермахт Севастопольге кірді. 18 шілде - Германия алғаш рет Messerschmitt me 262 ұшағының сынақ рейсін жүргізді.

нобай|Messerschmitt Me 262 бейнесі.

24 шілде - Қызыл әскер бөлімшелері Дондағы Ростов қаласын тастап кетті.

Тамыз

13 тамыз - АҚШ әкімшілігі атом бомбасын жасау бойынша барлық жұмыстарды Манхэттен жобасына біріктіру туралы шешім қабылдады. 22 тамыз - Бразилия Германия мен Италияға соғыс жариялады. 23 тамыз - Неміс әскерлері Сталинградтың солтүстігіндегі Еділ өзеңіне шықты. Сталинград қорғанысы басталды. 30 тамыз - Люксембург ресми түрде Үшінші Рейхтың құрамына кірді.

Қыркүйек

5 қыркүйек - Милн шығанағының маңында жапон әскерлері құрлықта алғашқы рет одақтас күштерінен жеңіліске ұшырады. 23 қыркүйек - Нацистер 54 баланы және балалар үйінің тәрбиешісін Полина Грохольскаяны атып өлтірді

Қазан

3 қазан - Алғашқы Фау-2 зымыраны Германиядағы Пенемюнде қаласында сәтті ұшырылды. Зымыран 147 шақырым ұшып, 84,5 шақырым биіктікке жетіп, ғарышқа жеткен алғашқы жасанды нысан болды.

нобай|Фау-2 VII Сынақ стендінен ұшырылған бейнесі.

22 қазан - "Еркін Аустрия" ұйымы Германияға қарсы күреске шақыра отырып, бостандық майданын құру туралы үндеу таратты. 23 қазан - 4 қараша - Эль-Аламейннің маңында (Мысыр) екінші шайқас өтті, британдық әскерлер неміс пен итальяндық қарулы күштерге қарсы шабуылға шықты.

Қараша

11 қараша - Неміс және итальян әскерлері Францияның оңтүстік аймағы мен Корсика аралын басып алды. 19 қараша - Сталинград маңындағы Қызыл Әскердің қарсы шабуылы. Ұлы Отан соғысында, сондай-ақ бүкіл екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі сынудың басталуы.

Желтоқсан

4 желтоқсан - Варшавада екі әйел, Зофия Коссак және Ванда Филипович, еврейлерге көмек кеңесін құрды. 17 желтоқсан - Нацистер Баранович геттосын жойды. 18 желтоқсан - КСРО Албанияның тәуелсіздігі туралы декларацияны таратты.

Туғандар Тағы қараңыз: :Санат:1942 жылы туғандар

Қайтыс болғандар Тағы қараңыз: :Санат:1942 жылы қайтыс болғандар

Сілтемелер

Тағы қараңыз

Түсініктемелер

*