Орал Таңсықбаев атындағы Aлматы сән және қолданбалы өнер колледжі – суретші-безендіруші, мүсінші, театр суретшісі, қолданбалы өнер суретшісі мамандарын даярлайтын арнайы орта білім беретін оқу орны. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х Алматы қаласында орналасқан.
1938 жылы қазақ көркем сурет училищесі болып ашылған, мұнда алғашқы жылдары бір мамандық (орта мектептің сурет пәнінің мұғалімі) бойынша кадр даярлады. 1941 жылы театр училищесімен біріктіріліп, қазақ мемлекеттік театр-көркем-сурет училищесі болып қайта құрылды. 1954 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесі болып өзгертілді. 1992 жылы училищеге О.Таңсықбаев есімі берілді. 1995 жылдан қазіргі атымен белгілі. Колледжде қазірде кескіндеме, театр безендірушісі, мүсінші, көркем-таңба, көркемдеп ағаш өңдеуші, қыш бұйымдарын көркемдеуші, көркемдеп металл өңдеуші, көркемдеп мата безендіруші, көркемдеуші-суретші мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Жоғары білікті 42 оқытушы дәріс береді. Олардың 12-сі ҚР Суретшілер одағының мүшесі, екеуі ағарту ісінің озаты, біреуі Республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). Қазакстанға белгілі кескіндемешілер А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, Қ.Телжанов, т.б. осы колледж түлектері.
Дереккөздер
Санат:Алматы колледждері Санат:1938 жылы құрылған оқу орындары