С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» () ) — 1930 жылы негізі қаланғанКазНМУ им. С.Асфендиярова отмечает 85-летие Қазақстандағы тұңғыш және жетекшіҚазақстанның медициналық ЖОО ұлттық (бас) рейтингі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына () енгізілген жоғары оқу орындарының біріInternational Handbook of Universities (IHU) ..

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.

ҚазҰМУ миссиясы

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру, біліктілік бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік-жауапты университетУниверситет миссиясы Университет құндылықтары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):Университет құндылықтары Елге қызмет () Кәсіпке адалдық () Шаңырақ мәртебесі () Ұстаздарға ізет () Шәкіртке ілтипат () Ұрпаққа ұлағат () Болашаққа ұмтылыс ()

Тарихы thumb|right|250px|Қазақ ОАК Президиум отырысының №68 Протоколы thumb|right|250px|ҚазММИ ректоратының ғимараты, 1930 жыл. thumb|right|200px|КСРО ЖК Президиумы грамотасы. thumb|right|200px|Еңбек Қызыл Ту ордені, 1981 жыл. Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.Университет тарихы

1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты. .

Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.

Соғыс жылдары Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.

Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.

XX ғасыр Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.

XXI ғасыр ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»ҚР Президентінің Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Жарлығының Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.

2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылдыАМСК жөніндегі халықаралық конференция қатысушылары ТМД-да теңдесі жоқ Тәжірибелік машық орталығына барды В Алматы открыт новый Медицинский центр практических навыков, аналогов которому нет ни в одной из стран СНГ . 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.

Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайдыҚасен Қожақанов атындағы Тәжірбиелік дағдылар орталығы . Медициналық симуляция орталығы Коммуникативті дағдылар орталығы Фармацевтикалық дағдылар орталығы Тіс емдеу дағдылар орталығы Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы. Апат медицинасы орталығы. Компьютерлік сынып

Халықаралық ынтымақтастығы ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония)International Agreements on Academic Cooperation , Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқанҚазҰМУ әріптестерінің тізімі . Халықаралық университеттер бірлестігі ()New Members at the IAU , Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы ()EUA Members Directory сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:

ҚазҰМУ символдары Логотипі

Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.

«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.Университет логотипі

Туы Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.Университет туы Гимн Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.Университет Гимні

Университет атауы Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді: 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіС.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттiк медицина институтын С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетi етiп қайта құру туралы 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Факультеттер мен кафедралар Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра. Жалпы медицина мектебі 1 Жалпы медицина мектебі 2 Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Фармация мектебі Стоматология мектебі Педиатрия мектебі Халықаралық факультет Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)

Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді: Мамандықтың аталуы Оқу мерзімі Клиникалық практикамен айналысу құқығы жоқ Клиникалық практикамен айналысу құқығы жоқ Жалпы медицина 5 5+2 Стоматология  5 5+1 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) Қоғамдық денсаулық сақтау  5 Фармация  5 Медицина-профилактикалық ісі 5 Мейірбике ісі 4 Әлеуметтік ғылымдар және бизнес Менеджмент 4 Менеджмент (күндізгі қысқартылған) 2 Техникалық ғылымдар және технологиялар Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 2 Жалпы медицина факультеті Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.

Инфрақұрылымы Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.

Институттар Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ) Стомотология институты Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мейірбике ісі институты Клиникалық фармакология институты

Клиникалар Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді. Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Тіс емдеу клиникасы

Ректорлары мен директорлары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.