Жалдама – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 8370 км2.
Бастауы Қарынсалды, Тасты өзендерінің Амантоғай ауылы маңында қосылған тұсынан Жалдама деп аталады. Арал ауылы тұсында Торғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Арнасы да, жайылмасы да кең. Жылдық орташа су ағымы 2,06 м3/с. Өзен бойына бірнеше бөген және сорғы станциясы салынған. Жалдама өзенінің жайылмасы шөбі мол шабындықтар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы