Жалпақ – Күшікбай тауының батысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде орналасқан. Әулие және Құндызды өзендерінің аралығындағы оқшауланған тау массиві.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 350 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Оңтүстік беткейі тіктеу келген.

Геологиялық құрылымы Мезозой дәуіріндегі бор кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге, жусан, бұталы ағаштар өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары