Қаншықкөл, Қапшықкөл – Арал теңізінің оңтүстік-шығысындағы сор.

Географиялық орны, сипаты Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ажар ауылының оңтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 70 м биіктікте жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 14 км-ге созылған, енді жері 3,5 – 4 км шамасында. Солтүстік-батысында Арзанкөл, батысында Жаманжармола сорлары, солтүстік-шығысында Қапшық төбесі орналасқан. Қаншықкөлдің беті тегіс тақырлы, жағалауында сексеуіл тоғайы өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазалы ауданы көлдері