Большое – Атырау облысы Жылыой ауданы, Прорва метерологиялық стансасынан оңтүстікке қарай 9 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 9,84 км², теңіз деңгейінен 27,8 м төменде. Ұзындығы 18 км, енді жері 1,3 км, жағалауының ұзындығы 46 км. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды.

Өсімдігі Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: Энциклопедия Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2008. ISBN 9965-893-20-9

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданы көлдері