thumb|Бурра кен орнынан шыққан азурит, Аустралия оңтүстігі|left

Азурит () — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы — координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 3,7-3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. Азуриттің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. Азурит мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады. Азурит — мыс минералдарының бір түрі. Әдемі көкшіл түсіне орай, азурит әшекей бұйымдар жасауға қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Сингониясы моноклиндік, призма формасында. Кристалдық бейнесі, тағы басқа түрлері де, жаратылысы да малахитқа ұқсас. Оптикалық оңқай; 2u = 68°, Ng=1 , 8 3 8 , Nm = 1,758, Np = 1,730.

Жаратылысы. Азурит көбінесе малахиті бар парагенезисте кездеседі. Азурит мыстың оттекті қосылыстарымен бірге металлургияда қорытылады. Ол көк бояу алу үшін химия өнеркәсібінде қолданылады. Кендері малахитпен бірге кездеседі.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Мыс минералдары Санат:Карбонат минералдар