Болат Хабижанов (8.12.1939 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1982), профессор (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1982).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1963 жылдан Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылым орталығы) кіші, аға ғылым қызметкер, 1978 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1981 жылы «Лекарственная аллергия у детей больных ревматизмом (клиника, диагностика, прогнозирование, профилактика)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері ревматология мәселелеріне арналған. 180-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. 7 өнер-табыстық патенті бар.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:8 желтоқсанда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Индер ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігерлері Санат:Профессорлар