Ермек Жұмабеков (05.02.1945 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы а.) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корреспондент мүшесі (2003).

Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында лаборант (1968–69) КСРО ҒА Жалпы генетика және цитология институтында аспирант (1969–71), кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1974–82) Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99) Алматы қорығының директоры (1999–2000) Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2001–03) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпы генетика және цитология институтының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі.

Ғылыми еңбектер 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:5 ақпанда туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Ботаника және фитоинтродукция институты қызметкерлері Санат:Жалпы генетика және цитология институты қызметкерлері Санат:Қазақ ауыл шаруашылық институты декандары Санат:Қазақ ауыл шаруашылық институтының ректорлары Санат:Жалпы генетика және цитология институтының директорлары Санат:Қазақ ауыл шаруашылық институтының профессорлары Санат:Қазақстан Инэенерлік академиясының корреспондент мүшелері Санат:Шет ауданында туғандар