Қоңдыкөл, Құндызкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы Новоникольское ауылы маңында, теңіз деңгейінен 429 м биіктікте жатыр. Аумағы 8,3 км², ұзындығы 4,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 13,4 км.

Сипаты Көктем айларында көл аумағы ұлғайып 8,6 км²-ге жетеді. Солтүстік-батысынан шағын өзен құяды. Шығыс жағалауында қамыс шоғырлары өседі. Басқа жағалауларын қайың, қарағай, терек, т.б. ағаштардан тұратын орман алқабы көмкерген. Сонадай-ақ жағалауында Құмдыкөл, Маралды, Новоникольское елді мекендері орналасқан. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. Жағалауының біршама жері егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына, омарта шаруашылығына және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Сандықтау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы