Батырбек — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Сипаттама Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Сүйіндік-Азғыр автомобиль жолы бойында орналасқан. 1957-1995 жылдары аралығында асыл тұқымды қой өсіретін "Сүйіндік" кеңшары бөлімінің орталығы болғанҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 309 адам (158 ер адам және 151 әйел адам) болса, 2009 жылы 364 адамды (191 ер адам және 173 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 198 адамды (101 ер адам және 97 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Батырбек бастауыш мектебі
Елді мекендегі көшелер Нарын көшесі Шағыл көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері