Кәрібай Мақашұлы Шөшіков (1955 жылы туған.), инженер-зоотехник.
Алматы зоотехника-мал дәрігерлік институтын бітірген (1977). 1977-1979 жылдарында Жаңаарқа ауданының «Айнабұлақ» кеңшарында зоотехник, 1979-1995 жылдарында комсомол, кәсіподақ, партия орындарында жауапты қызметте, 1995-1999 жылдарында Жезқазған «Балапан» АҚ президенті, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, 1997 жылдан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, әкімнің кеңесшісі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі Қарағанды облысы аймақтық басқармасының бастығы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысы тұлғалары