Ақжарма ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін Далакөл ауылдық округі деп аталды.Оңтайландыру жұмыстары
Әкімшілік құрамы Құрамына Ақжарма ауылы кіреді. Орталығы – Ақжарма ауылы.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2552 адамды (1295 ер адам және 1257 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) ауылдық округтері