Гжегож Болеслав Лято (; 8 сәуір 1950 жыл, Мальборк, Польша) — поляк футболшысы, Польша Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған.

Өмірбаяны Футболдан 1974 жылғы әлем біріншілігінде 7 доп соғып, чемпионаттың үздік мергені атанған. Польша құрамасы тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі..

Футболшылық карьерасын аяқтаған соң саяси қызметтермен де айналысқан. 2001-2005 жылдары Польша сенаторы болған. 2008-2012 жылдар аралығында Польша Футбол Одағын басқарған.

Жетістіктері Командалық Әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2): 1974, 1982 Олимпиада чемпионы: 1972 Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері: 1976 Польша чемпионыи (2): 1973, 1976 Халықаралық футбол кубогы: 1971 КОНКАКАФ чемпиондары кубогы: 1983

Жекелей «Алтын доп» номинанты(3): 1974, 1975, 1981 Польшаның үздік футболшысы (2): 1977, 1981 Әлем чемпионатының сұрмергені: 1974 (7 гол) Польша чемпионатының сұрмергені (2): 1973 (13 голов), 1975 (19 гол) Польша құрамасының әлем чемпионаттарындағы үздік мергені: 10 гол

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі Ұлттық құрамадағы статистикасы

Санат:8 сәуірде туғандар Санат:Польша футболшылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Польша футбол жаттықтырушылары Санат:Локерен ФК ойыншылары Санат:Атланте ФК ойыншылары Санат:1976 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Польша Олимпиада чемпиондары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары