Шытырман оқиғалы фильм (Авантюралық фильм) — оқиға желісі шиеленіскен фильм жанрларының бірі. Әдебиеттегі шытырман оқиғалы романдарға негізделеді. Атыс-шабыс фильмнен айырмашылығы шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлер көбіне күш қолданудың орнына, қарсыласын алдап-арбап өзінің тапқырлығына сүйенеді. Шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлерге қиындықтан шығу үшін небір жолдарды ойлап табу мақсаты қойылған. Бұл жанрдағы фильмдердің жақсылықпен аяқталу ықтималдығы жоғары.

Кіші жанрлар мен түрлері Шытырман оқиғалы фильмдер 8 кіші жанрға бөлінеді: костюмирленген шытырман оқиға, отбасылық фильм, фэнтези, романтика, теңіздегі шытырман оқиға, ғарыштағы саяхат, баскесердің бастан кешкендері, әскери оқиғалар. Шытырман оқиғалы фильмдердің жанрларына жатады: Гангстерлік фильм - мылқау фильмдердің жойылып, дыбысты кинофильмдердің шыға бастаған кезінде пайда болып, Америкада дамыды. Бұл фильмдерге заң өкілдерінің қылмыскерлерден мықты екенін көрсету мақсаты қойылған. Мысалға: Джозеф фон Штербергтің «Подполье» (1927), Уильям Уэллманның «Враг общества» (1931), Говард Хоукстың «Лицо со шрамом» (1932) фильмі және 1983 жылғы ремейк, «Маленький Цезарь» (1931), «Я — беглый каторжник» (1932) фильмдері. Соғыстан кейінгі жылдары гангстерлік фильмдер қайтадан түсіріле бастайды. Гангстерлерлердің образы романтизациялана түседі. Мысалға, Артур Пеннің «Бонни және Клайд» фильмі (1967), Френсис Копполдың «Өкіл әке» триллогиясы (1972—1990). Полицейлік фильмдер - 1930 жылдары гангстерлік фильмдердің орнын басады. Мысалға: Джон Хьюстонның «Джимены» (1935), «Мальтийский сокол» (1941) фильмдері, Говард Хоукстың «Глубокий сон» (1946) фильмдері. Плащ пен шпага фильмдері (егер оқиға Еуропада орын алса). Мысалға: «Граф Монте-Кристо» (1954), «Орфей» (1950). Вестерн (егер оқиға Жабайы Батыста орын алса). Мысалға: «Большое ограбление поезда» (1903). Фильм-катастрофа және т.б.

Дереккөздер

Санат:Кино жанрлары