Қайрат Пернешұлы Қожамжаров (24 наурыз 1965 жыл, Жамбыл) — қазақстандық заңгер және саясаткер, 2008–2012 және 2014–2017 жылдары аралығында түрлі атаумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін ол Бас прокурор болды.
Өмірбаяны Қожамжаров 1965 жылғы 24 наурызда Жамбыл қаласында дүниеге келді. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.
1987 жылы ол Ленинград мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 8 жыл бойы Жамбыл мен Жамбыл облысының прокуратурасында еңбектенді.
1995–1998 жылдары «Қорғас» кеденінде тергеуші, бөлім бастығы, бастығының орынбасары болса, 1998 жылдан 1999 жылға дейін «Озон-Мелайн» ЖШС қаржы директоры болды.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Қожамжаров Мемлекеттік кірістер министрлігі Салық полициясы комитетінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, 2-басқарма бастығының орынбасары, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары сияқты түрлі лауазымдарда болды.
Бұдан кейін Қожамжаровтың мансабы қаржы полициясы агенттігінде жалғасты.
2001 жылы ол Қаржы полициясы агенттігі Тергеу басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2002–2004 жылдары Қожамжаров Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі орынбасары болса, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы болды.
2007 жылы ол Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, 1 жылдан кейін Қазақстан президентінің №712 жарлығымен төрағаның өзі болып тағайындалды.
4 жыл төрағалығынан кейін, 2012 жылы Қожамжаров Қазақстан президентінің №243 жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
2013 жылы ол Қазақстан президентінің №481 жарлығымен Қазақстан президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылы Қожамжаров жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Қазақстан президентінің №886 жарлығымен төраға болып тағайындалды.
2015 жылы Қожамжаров Қазақстан президентінің №128 жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылып, Қазақстан президентінің №39 жарлығымен бюро төрағасы болып тағайындалды.
2016 жылы Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан президентінің №328 жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылып, Қазақстан президентінің №330 жарлығымен агенттікке төраға болып тағайындалды.
Осылайша, атауы бірнеше рет өзгерген агенттікті 3 жылдан аса басқарғаннан кейін, Қазақстан президентінің жарлығымен лауазымынан босатылып, Бас прокурор болып тағайындалды.
Лауазымынан босатылғаннан 1 күннен кейін ол Қазақстан президентінің №883 жарлығымен Қазақстан Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2023 жылғы 24 қаңтарда Сенат депутаты ретінде өкілеттігі тоқтатылды.Тоқаев Мәулен Әшімбаевтың және бірнеше депутаттың өкілеттігін тоқтатты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2017 жылы Қазақстан президентіне есеп беру барысында 10 айда 3400 қылмыстық іс қозғалып, оның 1000 ісі сотқа берілгені мәлім болды. 15 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынның 11 миллиарды мемлекетке қайтарылды. Құны 7 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. 2001 жылдан бері Қожамжаров басшылығымен 10 мыңнан астам адам сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, оның ішінде екі экс-премьер, 17 министр мен олардың орынбасарлары, 15 облыс және қала әкімі, сондай-ақ ұлттық компаниялардың 8 топ-менеджері бар. Соңғы 10 жылда елден тыс жерде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152 елге қайтарылды.
Жеке өмірі Қожамжаров үйленген, жұбайы Салтанат Мұзафарқызы Ақанова (1965 жылы туған) — 2011 жылғы мәліметке сәйкес Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары болған. 2011 жылы тілші Гүлжан Ерғәлиева Дубайда қозғалмалы мүлігі мен банк шотында $18 млн бар деп айыптаған. Бірақ Ақанова оның шындыққа жанаспайтынын айтып, үлкен сот процессі өтті. Ұлы Елнар Пернеш (1987 жылы туған) — «Семізбай-U» ЖШС бас директоры. Ұлы Жанайдар Қожамжаров (1994 жылы туған). Ұлы Бексұлтан Қожамжаров (1996 жылы туған). Қызы Жанел Қожамжарова (2005 жылы туған).
Қожамжаровтың белгілі бауырлары бар:
Тәтесі Дария Қожамжарова (1962 жылы туған) — Жамбыл облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты, 2013–2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық және 2018–2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан университеттерінің ректоры болған.
Қарындасы Раушан Қожамжарова (1972 жылы туған) — 2014–2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, 2022 жылдан бастап Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы.
Інісі Дулат Қожамжаров (1976 жылы туған) — кәсіпкер, миллионер, 2024 жылы байлығы $110 млн бағаланды.
Марапаттары мен атақтары Қазақстан прокуратурасының үздік тергеушісі (1992); II дәрежелі Даңқ ордені (2006); I дәрежелі Даңқ ордені (2014); Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының Құрмет грамоталары:
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Республикалық физика-математика мектебінің түлектері Санат:Қазақстан Бас Прокурорлары Санат:Ақмола облысының әкімдері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары