Гүлжахан Әспетова - Қазақстан Республикасының халық әртісі (1993ж)

Өмірбаяны Гүлжахан Жарылқасынқызы Әспетова — 1946 жылы мамырдың 28-і күні Жамбыл облысының Мерке ауданының Мерке ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Алматыдағы өнер интситутын бітіреді (Қазіргі таңда Алматы консерваториясы). 1967 –1997 жж. Қазақ өнер театрында жұмыс атқарды.

Мансабы Гүлжахан Жарылқасынқызы Әспетова - рөлдерінде сомдайтын кейіпкерлерінің әлеуметтік мәнін оның ішкі лирикалық жандарын сезінуімен байланыстыра білген. Аспетованың Қарагөз, Құртқа (М. Әуэзов, «Қарагөз» және «Қобыланды Қарақыпшақ»), Жәмилә (К. Мухамеджанов, «Бөріктің астындағы бөлтірік»), Анар (О. Бөкей, «Құлыным менің»), Бәтима-ханым (Т.Ахтанов, «Серт»), Мақпал (К. Мұқашев, «Дала поэмасы»), Ардақ, Зейнеп (Д. Исабеков, «Кішкене ауыл», «Ескі үйдегі екі кездесу»), Сәния (М. Мақатаев, «Қош бол, махаббат»), Ана (Ж. Аймауытов, «Сұлу қыз»), Салтанат (Б. Римова, Абай - Әйгерім) ролдері терең мазмұнмен және күрделі сахналық шешімдермен ерекшеленеді. Әр жылдары Аспетова аудармалық драматургия бойынша спектакльдерге қатысты: Мухойя және Назым (С. Ахмад, «Қалыңдықтың бүлігі» және «Күйеу бала»), Найман-ана (Ш. Айтматов, «Ғасырдан да ұзақ күн»), Надя (А.Н. Афигенов, «Ананың жүрегі»), Ягда (А. Абдуллин, «Күнім менің, ұмытпа мені»), Мадлена Бежар (М.А. Булгаков, «Баскесерлер»), Анна («Дон Жуанның хикаялары», «Дон Жуан немесе геометрияға деген махаббат» атты пьесасы бойынша), Электра (Л. Дюрко «Электра – махаббатым менің»). Аспетова бұл рөлдерді үлкен жауапкершілікпен, шығармашылық табыстарды жалықпай іздеу арқылы орындады. Сонымен қатар актриса «Тоғызыншы балаңнан қорқ, дұшпан», «Бақытты адам» және т.б. фильмдерге түсті.

Марапаттары Қазақстан және Өзбекстанның Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, сонымен қатар «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

Әдебиеттер Әдеб.: Богатенкова Л.И. Услышать и понять человека. А.-А., 1987, с. 123 – 29; Сығай Ә. Сахна саңлақтары. А., 1998, 400 – 404 б.