Сағидулла Сағынайұлы Үсенов«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том(10.4.1958 ж.т., Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы) – педагогика ғылыми докторы (2009). ҚР Педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2006). Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген (1979) соң орта мектепте мұғалім (1981-98), Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары (1998–2001), орт. бастығы (2001–06) болды; 2006 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. <i>Сағидулла Сағынайұлы<i> «Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстарды қолдану және оның сапасын бақылаудың теориялық-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 4 оқу құралының авторы.

Дереккөздер:</span>

Санат:Тұлғалар