Бимақанов Мырзаш (1909-1985)“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том — табыншы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1909 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Державин ауданы (қазіргі Жақсы ауданы), №5-ауылында туған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1929 жылы "Жұмыскер" ұжымшарында бастаған. 1930-1942 жылдары "Есіл" совхозында жұмысшы болады. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1956 жылдары "Тасөткел" колхозында мал бағады. 1956 жылдан Целиноград облысы, Жақсы ауданы, Шолақсандық кеңшарында табыншы болады. Қазақтың ақбас сиырын бағуда жоғары көрсеткіштерге жетіп, жыл сайын межелеген жоспарды артығымен орындап отырған. 1965 жылы малдың жалпы салмақ өсімі жоспардан 25% -ке артық болған. Табындағы 980 өгізді семіртіп, ет өткізу маусымында олардың әрбірі 353 кг. салмақ тартқан..

Марапаттары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1966)

Тағы қараңыз Социалистік еңбек ерлері

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии Санат:Социалистік еңбек ерлері