Пётр Себастьян Зелиньскийкей БАҚ-тарда Желиньский (; 20 мамыр 1994 жыл, Зомбковице-Слёнске, Польша) — поляк футболшысы, жартылай қорғаушы. 2016, 2020 жылдары Еуропа чемпионатына, 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Карьерасы

Клубтық Футболдық мансабын туған қаласындағы «Ожель» клубында бастады. 2007 жылы ол Заглембе клубына қабылданды. Төрт жылдан кейін италиялық «Удинезенің» жастар командасына ауысты.

Жартылай қорғаушы А сериясындағы дебютін 2012 жылы 2 желтоқсанда "Кальяриге" қарсы матчта өткізіп, кездесудің соңғы минутында Антонио Ди Наталени ауыстырды. 2013 жылдың 22 тамызында Зелински алғаш рет УЕФА Еуропа лигасында өнер көрсетті. «Слован Либерецке» қарсы плей-офф раундының бірінші матчында поляк футболшысы Джампьеро Пинцидің орнына шықты.

2016 жылдың 4 тамызында «Наполи» командасымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. 2023 жылдың мамыр айында Италия чемпионы атанды.

Жетістіктері

Командалық

Италия чемпионы: 2022/23 Италия кубогының иегері: 2019/20

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Польша футболшылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары