Темірғали Қожабергенов (1905, №24 ауыл, Ақбұлақ ауданы, Орынбор облысы, Ресей империясы — ?) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, заңгер.

Өмірбаяны 1905 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1938 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Орта Азия заң техникумын бітірген. 1929-1930 жылдары — Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының халық соты болды. 1930-1933 жылдары — Ақтөбе облысы Темір ауданының халық соты болды. 1933-1936 жылдары — Ақтөбе облыстық сотының мүшесі болды. 1936-1937 жылдары — Бір жылдық академиялық курстың тыңдаушысы (Мәскеу қ.) болды. 1937-1938 жылдары — Орал облыстық соты төрағасының орынбасары болды. 1938-1939 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары болды. 1939 ж. (сәуір) - 1941 ж. (мамыр) — Казақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болды. 1941-1945 жылдары — Семей облыстық сотының төрағасы болды. 1945 жылы (наурыздан бастап) — Алматы адвокаттар алқасының төрағасы болды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:КОКП мүшелері