Ирина Александровна Черных — тарих ғылымының докторы (2008), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 11 наурызда Алматы қаласында туған.
ҚазМУ-ды (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1993-94 жылдары Гуманитарлық зерттеулер орталығының сарапшысы (Алматы қ.), 1993-99 жылдары Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, 1995-96 жылдары "ARKOR" халықаралық қорының сарапшысы (Алматы қ.), 1995-97 жылдары Қазақ ұлттық университетінде деканның орынбасары, Сорос-Қазақстан қорының Білім жөніндегі Сараптама комитетінің мүшесі. 1997-99 жылдары Сорос-Қазақстан қорының жазғы университеттерінің академиясы деканы, 1998-2001 жылдары Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық-әдістемелік орталығының директоры, 2001-02 жылдары Орталықазиялық Ресурс орталығының академиясының көшбасшысы, 1999-2009 жылдары Қазақ ұлттық университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, профессор, 2009-10 жылдары Саяси шешімдер институтының сараптамалық-қолданбалы бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2011 жылдан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу тарихы (1991-2006)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – қауіпсіздік пен халықаралық қатынастарды зерттеудің теориясы мен әдістемесі, Орталық Азия елдеріндегі әскери-саяси қауіпсіздік, Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі социетальдық қауіпсіздік. 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапттары ҚР Білім және ғылым минстрлігінің "Жас талантты ғалым" мемлекеттік сыйлығы иегері (2000).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Черных Ирина Александровна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар