thumb|right|200px| Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов (19 қыркүйек 1960, Мәскеу) — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.

Өмірбаяны Білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген. 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған, 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген. М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды. 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы. 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X 11 наурыз 2009 — БТА банк басқармасының төрағасы. 15 тамыз 2011 — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.

Марапаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006) «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008).

Жеке мәліметтер Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Жанұясы

Әкесі - Ғалимолла Батырханұлы Сәйденов (1934-1998), техника ғылымдарының кандидаты, Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарған.

Анасы - Сәйденова Фируза Абдоллақызы (1938 ж. т.), зейнеткер.

Жұбайы - Қалдыбаева Сәуле Оразбекқызы, экономист.

Ұлы - Байтас (2005 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:19 қыркүйекте туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан қаржыгерлері